«Bugin Holding» - заман талабына сай жабдықталған ақпараттық технология компаниясы. Bugin Holding - құрамына бірнеше компанияны топтастыра отырып, нарықтағы жаңа жобаларды қалыптастыруға үлес қосады.
Компания бұл жылы Bugin.kz деп аталатын сайттың негізін қалады. Bugin.kz – Қазақстандағы тұңғыш көпсалалы медиаплатформа ретінде жұмысын бастады. Платформа «Бүгіннен баста» ұранын басшылыққа ала отырып, еркін журналистік ортаны құру, мәдениетті дамыту және қазақша контентті сапалы платформа жасау ісін жүргізді.
Bugin Holding ресми түрде 2013 жылдың 29-наурызында тіркелді. Осы жылы компания аясын кеңейтуге мақсатында сайт және мобильді қосымша жасаумен айналысатын «Bugin Soft» жобасын қолға алды.
Жаз мезгілінде Bugin.kz cайтының 2.0 версиясы іске асырылып, Қазақстандағы ТОП 10 ақпараттық портал қатарына енді.
Компания IT саласын білім беру жүйесіне байланыстыра отырып, 2019 жылдың тамыз айында Daryn Online жобасын іске қосты. Платформа білім алушы талапкерлерге уақыт пен қашықтыққа қарамай, тиімді әрі сапалы білімді қолжетімді етуге күш жұмсады. Осы жылдың қазан айында Daryn Online платформасының франшизасы Қазақстанның барлық өңірінде ашылды. Аталған жылдың тамыз айында Bugin Association ҚБ ашылып, әлеуметтік шараларды ұйымдастыруда белсене жұмыс жасады.
Тамыз айында Bugin Entertaiment және OrdaGen жобалары өз жұмыстарын бастады. Bugin Entertaiment - көпшілікке сапалы әрі пайдалы видеоконтент ұсына отырып, тұтынушылардың талабын қарапайымнан креативке жеткізу үшін күш салуда. OrdaGen жобасы авторлық ертегілер және балаларға арналған басқа да контент арқылы, бала тәрбиесіне баса назар аударды. Осы жылдың қазан айында түлектерге маңызды таңдау жасауда көмек беретін Daryn Tandau жобасы қолға алды. Яғни жоба мектеп оқушыларына мемлекеттік немесе шетелдік оқу орындарын ұсына отырып, сапалы білім алуына қол ұшын созды.
Жылдың алғашқы айында Холдинг құрамы жаңа жобамен толықты. Ол - Edu Center. Осы жылдың ақпан айында Daryn Online платформасынан Daryn Teacher жобасы іске қосылды. Жоба білімнің күрделі жағын жеңілдетіп, аз уақыттың ішінде ақпарат алуға күш жұмсайды.
Маусым айында Bugin Holding компаниясына Балтабек Мұқашев пен адам капиталын дамыту қоры EPG Education 2,4 миллион доллар инвестиция салды. Алдағы уақытта, холдингтің табысы шамамен 2,8 млрд теңгені құрайды деп күтілуде. Осы жылдың шілде айында ҚР Ұлттық бизнес-рейтингінің «Лидер отрасли 2022» қорытындысы бойынша BUGIN HOLDING «АЛТЫН» дәрежесіне ие болды. «Динамика развития расчетов с бюджетами» номинациясы бойынша 55 компанияның ішінен 19-орынға жайғасты. Қазақстан бойынша оқушылар мен мұғалімдер арасында 3,6 млн астам қолданушысы бар онлайн білім беру нарығындағы жетекші компаниялардың бірі Daryn Online Prometheus School жекеменшік мектебінің 10% үлесін алды. Биылғы жылдың жетістіктері – холдингтегі бүкіл ұжымның үздіксіз еңбегінің жемісі!
Bugin Holding өз жобалары арқылы қоғам алдындағы биік жауапкершілікті сезінеді. Сол себепті біз ішкі және сыртқы саясатты төрт құндылық негізінде өрбітеміз
Сенім - біздің холдингтегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Жобаға, командаға, қоғамға деген сенім бізді жаңа белестерге жол бастауға серпін береді.
Идеяларды жолға қоюдан бұрын команда үшін өзара құрметтің маңызы биік. Біз Өзгелерге құрмет көрсету арқылы ізгіліктің қайтарымын сезіне аламыз.
Қоғамды дамыту үшін Адами және рухани кемелдену өте маңызды. Біз әріптесімізге жеке және командалық дамуы үшін әр тоқсан сайын арнайы бағдармалалардан өтуге, саяхаттауға, білім арттыруға толық мүмкіндік жасаймыз.
Біз бойымыздағы қабілеттерімізді шыңдап, үздіксіз дамып келеміз. Біздің нәтижелер - үлкен еңбектің жемісі!
Компанияның негізін қалаушы, Бас директор
Компания негізін қалаушыларының бірі, Mobile Developers бөлімінің жетекшісі
Атқарушы директор
HR директор
Техникалық директор
Bugin Education директоры
Daryn.online негізін қалаушыларының бірі
Orda Generation директоры
Daryn.online атқарушы директоры
Daryn.online Uzbekistan жетекшісі
Daryn.online сату бөлімінің жетекшісі
Daryn Teacher директоры
Bugin Entertainment директоры
Қазақстандағы үздік білім медиаплатформасы. Компания ақпараттық қызмет тарату ісімен айналысады. Сонымен қатар PR, SMM салаларын жетілдіруге атсалысады.
Білім деңгейін сатылай дамытуға арналған экожүйе. Платформа уақыт пен қашықтық теңсіздігіне қарамай, білім алуды қолжетімді етеді
Бүлдіршіндерді қазақы тәрбиемен сусындап, жаңа заман көзқарасын қалыптастыруға серпін беретін үздік платформа. Компания авторлық ертегі, аңыз-әңгімелерді жарыққа шығарып, медиа тәрбиесіне үлес қосады.
Мәдениет, білім, экология, спорт, медицина және туризм бағыттары бойынша жұмыс атқаратын қоғамдық бірлестік. Компания аталған бағыттар бойынша түрлі іс шаралар ұйымдастырады.
Қарапайым онлайн курстан жоғары табысты бірегей онлайн-мектепке өтуге көмектесетін платформа. Компания тұтынушыларына барлық сала бойынша үздік курстар жасауды үйретеді.
Bugin Entertaiment - көпшілікке сапалы әрі пайдалы видеоконтент ұсына отырып, тұтынушылардың талабын қарапайымнан креативке жеткізу үшін күш салады.
Компанияға айтар лебізіңіз немесе сұрақтарыңыз болса
PR жөнінде
Коммерциялық ұсынысыңыз болса